Suivant

2023: АУЫЛ МЕДИЦИНАСЫНЫҢ АХУАЛЫ ЖАҚСАРДЫ

01/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Осы жылы серпін алған саланың бірі – медицина саласы. Биыл бұл салаға 138 млрд теңгеден аса қаржы бағытталды. Әсіресе, емдеу нысандарының материалдық-техникалық базасын жетілдіруге, мамандардың кәсіби біліктілігін көтеруге ерекше ден қойылды. «Ауылдық денсаулық сақтауды жаңғырту» ұлттық жобасы аясында елді мекендерде 27 нысанның құрылысы қолға алынса, оның 15-і жыл көлемінде рет-ретімен тапсырылуда. Сондай-ақ биыл Қызылорда қаласында бір ауысымда 100 келушіге арналған емхана мен онкологиялық бөлімшесі бар 300 орындық көпбейінді аурухананың құрылысы басталды. Құны 2 млрд. 900 млн. теңгені құрайтын Қан орталығы жақын күндері ашылады. Ал, «Қазақстан халқына» қоғамдық қоры соңғы екі жылда аймағымыздың білім мен медицина саласына 4 млрд теңгеге жуық қаржы бөлді. Бұл қаржыға облыстық балалар ауруханасы базасында «Қамқорлық» реабилитациялық орталығы ашылып, онкологиялық скрининг жүргізуге арналған екі жылжымалы медициналық кешен, өзге де денсаулық саласына қажет құрал-жабдықтар мен дәрі-дәрмектер алынды. Қазіргі таңда жылжымалы кешен шалғай ауылдарда қызмет көрсетуде. Оған қоса, саланың материалдық-техникалық базасын нығайтуға бюджеттен 5 млрд 100 млн теңге қаржы бөлінді. Жалпы биыл отандық денсаулық сақтау саласы үшін маңызды жыл болды дейді, басқарма басшысы Олжас Искаков. ОЛЖАС ИСКАКОВ – ОБЛЫСТЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Облысымыздың денсаулық сақтау саласы жаман көрсеткіштермен аяқтап жатқан жоқ. Жалпы, өлім-жетім көрсеткіші былтырғы жылмен салыстырғанда 5 пайызға төмендеп отыр. ана өлімінің көрсеткіші 6 есе төмендеп отыр. Сәби өлімі 25 пайызға төмендеп отыр. +3:46-/ ОМЦ-да мемлекеттік мекемеде МРТ аппараты қойылады. МРТ апаратты осыған дейін мемлекеттік мекемеде болған емес.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant