21 АТА-АНАҒА ӘКІМШІЛІК ХАТТАМА ТОЛТЫРЫЛДЫ
#рейд #заңментәртіп #жаңалықтар #нақтыақпарат #qyzylordatv Қызылорда облыстық полиция департаментінің бастамасымен «Балалар түнгі қалада» іс-шарасы өтті. Нәтижесінде, қадағалаусыз қалған 14 жасөспірім бейімдеу орталығына жеткізілді. Профилактикалық шара барысында 210 әкімшілік құқықбұзушылық анықталған. Сондай-ақ, бала тәрбиесінде осалдық танытқан 21 ата-анаға әкімшілік хаттама толтырылды. Бұдан бөлек, беймезгіл уақытта көше кезген 172 жасөспірім ұсталып, заңды өкілдеріне шара көрілген. Жалпы, профилактикалық шараның мақсаты – құқыққа қайшы әрекеттерді болдырмау. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/