Suivant

4 ТҮРЛІ АЗЫҚ-ТҮЛІК ТАУАРЫ ҚЫМБАТТАДЫ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жаңа жылдан бастап базар бағамы құбылады. Биыл да солай болды. Қазір өңірде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарының 4-еуі қымбаттаған. Соның ішінде, ас атасы нан да бар. Бұдан бөлек, қырыққабат, жұмыртқа мен тауық етінің де құны өскен. Бұған не себеп? Базарға барған бұқараның пікірі осы. Жыл сайын азық-түлік бағасының түрленетінін айтады. Жұртшылық сөзінің жаны бар. Мәселен, нарық бағасына сүйенсек, өңірде қырыққабат – 2,3%-ға, нан – 1,5 пайызға, жұмыртқа-1,1%-ға, тауық еті-0,2 пайызға қымбаттаған. Жауаптылар мұны жылда қайталанатын жайт дейді. ТАЛҒАТ ДҮЙСЕБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ // Қымбаттаған өнімге келетін болсақ, өздеріңіз білесіздер. Бұл сезонный характер. Маусымаралық кезеңде қымбаттайтыны қайталанады. Жұмыртқаға байланысты. Жыл басынан өсім бар. Бұның негізгі себебі құс фабрикаларының бағасы өсіп отыр. Қыс айларында кететін жем-шөбі, жарыққа кететін бар. Соны қосып, мәжбүр болып отыр. Жұмыртқа 47 теңге мен 67 теңгенің арасында. Қазір аймақтың тұрақтандыру қорында 4,5 мың тонна өнім бар. Оның 200 тоннасы күріш, 30 тоннасы қырыққабат. Бұдан бөлек, картоп, жуа, сәбіз, тауық еті, күнбағыс майы мен 194 тонна қант сақталған. Нан бағасы нарықта өскенімен, әлеуметтік дүкендерде өзгеріссіз. Бағаны тұрақты ұстап тұру үшін «Байқоңыр» әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы келісімшартқа отырған наубайханаларға қостанайлық жоғары және бірінші сортты ұнды төмендетілген бағамен босатуда. МЕЙРАМБЕК СЕРІКБАЙ – «БАЙҚОҢЫР» ӘКК БАСҚАРМА БАСШЫСЫ //Қоймамызда бірінші сортты 1100 ұн бар. Қазір келіп тұрған 360 тонна келіп тұр. Қоймада сақтаулы тұрған тағы 100 тонна бар. Наубайханалармен келісімшартқа отырып, 128-ден ұн беріп, наубайханадан 85 теңгеден шығады. ҚОЗЫ КӨРПЕШ ЖАСАРАЛҰЛЫ – ТІЛШІ: //Бұл қаладағы ең ірі наубайханалардың бірі. Күнделікті дәл осы жерден 250-ге жуық дүкенге нан өнімдері жөнелтіледі. Шамаммен 13 автокөлік қаладағы супермаркеттерге, әлеуметтік дүкендерге нан өнімдерін таратады. Өткен жылы ашылған наубайхана тәулігіне 20 мың бөлке нанды сауда сөрелеріне жолдайды. Наубайханаға қажетті ұн тұрақтандыру қорынан жеткізіліп жатыр. ФАТИМА СӘМЕНОВА – НАУБАЙХАНАШЫ //Әлеуметтік магазинге – 65-тен, супермаркетке 75-тен кетсе, былайнша магазиндерге 80-нен таратылады. Сұраныс нанға жаман емес, жақсы. Бірінші сортты ұннан жасалады. Ұнның сапасы жақсы. Бүгінде бағаны ұстап тұру үшін тұрақтандыру қорындағы өнімдер сұранысқа қарай қаладағы 35 әлеуметтік дүкен мен бұрыштарға жөнелтіледі. Кешенді шаралардан нәтиже де жоқ емес. Пияз, қант пен қарақұмық жармасы қаңтар айында арзандаған екен. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant