50 гектар жерге түйежоңышқа егілді

15/03/25
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты көктемгі дала жұмыстарын бастады. Бүгін 50 гектар жерге түйежоңышқа егілді. Қарауылтөбе ауылының маңындағы өндірістік аймаққа жердің құнарлылығын арттыратын дақылдардың жаңа сорттары егіліп жатыр. Егіс басындағы қызу тірлік туралы тілші бейнематериалында. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВ, ТІЛШІ Топырақтың құнарлылығын арттырудың бірден-бір тәсілі – ауыспалы егіс жүйесіне көшу. Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институтының ғалымдары осы бағыттағы іске білек сыбана кірісіп кетті. Ерте көктемнен бастап қант құмайы, түйе жоңышқа, жоңышқа, арпа, бидай секілді дақыл түрлерін егіп жатыр Өндірістік аймақтағы 245 гектар жерге ауыл шаруашылық және мал азықтық дақылдар егіледі. Атап айтсақ, ғалымдар биыл арпаның Қайнар, Қайсар, Іңкәр, бидайдың Зарина деген жаңа сорттарына және қант құмайы, судан шөбі, түйе жоңышқа деген секілді көпжылдық шөптерге басымдық беріп отыр. ӘСЕТ ТОҚТАМЫСОВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ БӨЛІМ МЕҢГЕРУШІСІ Біздің селекционерлер осы әртараптандыру дақылдарына жаңа сорттарын шығаруда. Бұл сорттардың көбі солтүстік облыстарда егіліп жатыр. ...Су тапшылығы жағдайында күріштен қалған ылғалды тиімді пайдалануымыз керек. Қазір ылғал жақсы. Екі үш күннің көлемінде дақылды егіп үлгеріп қалуымыз керек. Күріш гектарына 18-21 мың куб су керек болса, бұларға 5 мың кубаметр ғана су қажет. Сыр өңірінің басты дақылы күріш экономикалық жағынан тиімді. Бірақ топырақты тоздырып, құнарын азайтады, дейді макмандар. Сондықтан егісті әртараптандырып, ауыспалы егіс жүйесіне көшіп жатыр. КАМАЛДИН ШЕРМАҒАНБЕТОВ, Ы.ЖАҚАЕВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ КҮРІШ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЗИ ЖЕТЕКШІ ҒЫЛЫМИ ҚЫЗМЕТКЕРІ Органикалық қалдықтарды көп қалдыратын дақылдарды егу арқылы топырақтың құнарлылығын сақтаймыз. Бұл өте ерекше дақылдар көпжылдық шөптер. Кейінгі кездерде түйе жоңышқа егіліп жатыр, біздің институтта жоңышқаның алаула деген жақсы сорты шыққан. Осы сортты көбейтудеміз. Бұл өте жақсы дақыл. Екі жылдың ішінде жоңышқаның берген органикалық қалдығын топыраққа қалдыра алады. Содан кейін күрішке пайдалана беруге болады. Биыл облыс бойынша барлығы 190 мың гектарға ауыл шаруашылығы дақылдары орналастырылмақ. Оның ішінде дәндi дақылдар 97,3 мың гектарды құраса, 71 мың гектарға мал азықтық дақылдар егіледі. Көктемгі дала жұмыстарына байланысты қажетті техникалар сайланып, жанар-жағар май әкелінуде, ал, минералды тыңайтқыштар мен тұқым дайын. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par