Suivant

567 адамды кене шаққан

05/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жыл басынан бері облыста 567 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінген. Конго-қырым геморрагиялық қызбасынан бір тұрғын қайтыс болды. Мамандар «дәл осы кезең зиянкестердің белсенді болатын шағы» дейді. Қауіпті кеселдің негізгі қоздырғышы - кенелер. Биыл облыста 115 елді мекен қолайсыз аймақтар тізіміне енген. Былтыр дәл осы кезеңде 620 адамды кене шағып, медициналық көмекке жүгінсе, соның 6-ауы зертханалық жолмен нақтыланған. Ал биыл көрсеткіш жылдағыдан төмен. Десе де: ӘЛИЯ ӘБДІҚАЙЫМОВА – ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ "Биыл 6 айда 10 күндікті жағдай тіркелді. Оның 4-еуі зертханалық жолмен нақтыланған жағдайлары болды. +0962//2:29-/ Үй жағдайында өзін-өзі емдеумен айналыспау керек. Медициналық көмекке уақытыл жүгініп, уақытылы ем қабылдаған жөн. ЖАДЫРА ЗИНАБДИНОВА – ОБЛЫСТЫҚ ЖҰҚПАЛЫ АУРУЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ИНФЕКЦИОНИСТ-ДӘРІГЕРІ "Қазіргі таңда облыстық жұқпалы аурулар ауруханасының бокс бөлімінде кене шағумен 3 науқас жатыр. Зиянкестерге қарсы күрес шаралары сәуір айында басталып кеткен. Биыл бұл мақсатқа 170 млн теңгенің үстінде қаржы бөлінген. Дезинфикция жұмыстарымен 3 мердігер айналысып жатыр. «Ципэк» ветпрепараты қолданылып жатыр. Қазір облыста 85 мал тоғыту ваннасы бар. Оның 60-ы жарамды, 25-і жарамсыз. ШАХМАРДАН ҚОЙШЫБАЕВ – ОБЛЫСТЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ "Қолайсыз елді мекендерде 763 мың бас мал барын нақтыланды. Қазіргі таңда 10,9 мың бас уақ мал кенеге қарсы мал тоғыту ванналарында тоғытылды. Бұл ары қарай жалғасады болады екінші кезеңде де. Мамандар егін және мал шаруашылығымен шұғылданатын азаматтарға сақ болу қажет дейді. Қандай да бір ауру нышаны байқалса, дереу медициналық көмекке жүгінуге кеңес береді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant