Suivant

76 БАС КИІКТІ ЖАЙРАТЫП САЛҒАН

08/02/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада 76 бас киікті жайратып салды деген күдікпен екі тұрғын ұсталды. Заңсыздық «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында анықталған. Күні кеше түнгі сағат 22:30 шамасында полиция қызметкерлері «Жезқазған – Қызылорда» тасжолында «Toyota Hilux» және «Toyota land cruiser» автокөліктерін тоқатқан. Алайда, екі көліктің де жүргізушілері тәртіп сақшыларының талабына бағынбай, қашып кеткісі келген. Браконьерлердің бұл әрекетінен түк шықпады. Ұсталған көліктерді тексеру барысында бірінен 29 бас, екіншісінен 47 бас киіктің ұшасы анықталған. Сондай-ақ, 9 дана 12 калибрлі оқ дәрі тәркіленді. Қазіргі таңда жануарды заңсыз атты деген күдікпен 35 және 28 жастағы қала тұрғындарына қатысты сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізілуде. АЙДАР ҚАСАНОВ – ҚПБ БАСТЫҒЫ //Қазіргі таңда тиісті сот сарапатамасы тағайындалып, оларға қатысты тиісті шара жүргізілуде. Сонымен қатар көліктер автотұраққа жеткізілді. «Браконьер» жедел-профилактикалық іс-шарасы 29 ақпанға дейін өткізілуде. Іс-шара барысында оған дейін де екі дерек анықталып, жалпы 9 киіктіің өлі денелері алынып, тергеп-тексеру жүргізілуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant