«AMANAT»: САЯСИ КЕҢЕС ЖЫЛДЫ ТҮЙІНДЕДІ
«Amanat» партиясы облыстық филиалы Саяси кеңесі Бюросының кезекті отырысы өтті. Кеңес отырысында күн тәртібіне ұсынылған бес мәселе бойынша баяндамалар тыңдалып, қоғамдық қызметте белсенділігімен танылған азаматтар марапат төрінен көрінді. Алғашқы мәселе «Amanat» партиясы облыстық филиалы 2023 жылғы бюджетінің орындалуы. Кеткен шығындардың есебі, демеушілік есебінен және жарнапұлдың жиналуы секілді мәселелер тыңдалды. Жиналған жарнапұлдың 20 пайызы бастауыш партия ұйымдарында атқарылатын іс-шараларды өткізуге бағытталған. Мұнан соң облыстық мәслихаттағы депутаттық фракциямен өткен жылы атқарылған жұмыстар сараланды. Жалпы облыстық мәслихаттағы 32 мандаттың 78,1 пайызын, яғни 25 мандатты «AMANAT» партиясы иеленген болатын. Фракция нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеу, қарау және бекіту бағытында 70-тен астам шешім шығарған. «Жергілікті атқарушы органдармен бірлескен жұмыстар нәтижесінде Сайлауалды бағдарламаны іске асырудың Жол картасы 95% орындалды»,- деді фракция жетекшісінің орынбасары. Саяси кеңесте «AMANAT» партиясы жанындағы Жастарды қолдау жөніндегі облыстық Кеңесінің төрағалығына Әсетхан Қазиханұлының кандидатурасы ұсынылып, бірауыздан мақұлданды. Жиын соңында партия жұмысына белсене атсалысқан азаматтар «Белсенді қызметі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Олардың қатарында «Қызылорда» телеарнасы директорының орынбасары, Саяси кеңес Бюросының мүшесі Айсұлу Қасымова да бар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/