Australian open: Александр Шевченко әлемнің 3-ракеткасына жол берді #news
Қазақстандық теннисші, әлемнің 77-ракеткасы Александр Шевченко Аустралия ашық чемпионатының алғашқы айналымынан аса алмады. Отандасымыз әлемнің 3-ракеткасы, «Үлкен дулыға» турнирінің төрт дүркін чемпионы, испаниялық Карлос Алькарасқа қарсы келді.Осыған дейін екеуі өткен жылы Мадрид мастерс турнирінде кездесіп, онда Алькарас 6:2, 6:1 есебімен оңай жеңген болатын. Бұл жолы Шевченко бар өнерін салғанымен, испаниялық теннисші шеберлігінің басым екендігін көрсете білді. Бәсеке барысында Шевченко 4 брейк-пойнттың тең жартысын пайдаланды. Алькарас 6 эйс, 8 брейкпен көзге түсті. Шевченко өткен жылы да бірінші кездесуінде-ақ жеңіліс тапқан еді. Енді 14 қаңтар күні Александр Бублик, Елена Рыбакина және Юлия Путинцева жекелей сындағы бастапқы ойындарын өткізеді. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv