Suivant

CHALLENGE: # РЕСПУБЛИКАМ МЕНІҢ

18/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Республика күні қарсаңында «Қызылорда» телеарнасы «Республикам менің» челленджін бастады. Патриоттыққа үндеген жобаны Сыр спортшылары қолдап, пікір білдірді. Іс-шараның басты мақсаты – отансүйгіштік сезімді нығайту, халықтың бірлігін паш етіп, еліміздің түрлі саладағы жетістіктерін атап өту. Сұңқар Қанибек Венеция қаласында өткен каратэден Әлем чемпионатында ел намысын қорғап, қола жүлдеге қол жеткізді. 109 мемлекеттен екі мыңға жуық спортшы қатысқан жасөспірімдер жарысында ол 70 келіден жоғары салмақта өнер көрсетті. Іріктеу кезеңінде Жаңа Зеландия, Хорватия, Словакия, Голландия өкілдерін айқын басымдықпен жеңді. Тек жартылай финалда жапониялық Чиба Арашиға есе жіберіп, үшінші орынға таласта қарсыласы Хасиб Замирді 10 да 0 есебімен жеңді. Бұл жеңісін жерлесіміз республика күніне арнады. СҰҢҚАР ҚАНИБЕК – КАРАТЭДЕН ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫНЫҢ ҚОЛА ЖҮЛДЕГЕРІ Мен – Қанибек Сұңқар каратэмен 9 жасымнан бастап айналысамын. Спорт шеберлігіне үміткермін. Қазақстанның үш дүркін чемпионымын. Жақында Италия мемлекетінде өткен каратэден Әлем чемпионатында қола жүлдеге ие болдым. Мен бұл жеңісімді Республикама, Сыр еліне арнаймын және барша қызылордалық спортшыларға осы челленджді жолдаймын// Әлем чемпионатынан олжалы оралған жасөспірімді туған-туыстары, достары мен сыныптастары сән-салтанатпен қарсы алды. Олардың арасында Сұңқардың ең басты жанкүйері 77 жастағы әжесі де бар. РАУШАН ТҰЯҚБАЕВА – С.ҚАНИБЕКТІҢ ӘЖЕСІ Әйтеуір аман жүрсін деймін. Әр кеткен сайын Алла өзің қолдап жүргейсің деп тілеп тұрамын. Батамды беріп, дұғамды тілеп жіберемін. Еш уақытта менің батамды алмай кетпейді айналайын. Жақсы дәрежеде келе жатыр. Өте қуанып тұрмын. Осындай биіктен көріне беруіне мен тілектеспін. НҰРБОЛ ТОЙШЫБАЕВ – АҒА ЖАТТЫҚТЫРУШЫ Үш кезеңнен тұратын іріктеу жарысы болды Қазақстанда. Талдықорғанда ҚЧ, Орал қаласында халықаралық турнир, онан соң Қазақстан Опен деген халықаралық турнир өтті. Үш кезеңнің рейтингі бойынша Қызылордадан 2 бала шығып, ӘЧ барып отыр. Сұңқардың артықшылығы бірінші нөмірмен шабуылдауы басым. Бұл ғана емес, жыл басынан бастап БАӘ ең алғашқы турнир өтті, одан кейін Испанияда, Хорватия мемлекетінде соның барлығында тәжірибе жинап, осы жетістігіне жетіп отыр. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant