«FITSJ» фитнес марафоны өтті
Қызылордада «FitSJ» фитнес марафоны өтті. Облыстық жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен спорттық би билеуге хорегорофтар мен жүзге жуық қала жастары жиналды. Марафон Назарбаев зияткерлік мектебінің ауласында болды. Іс-шараға қатысушылар бір сағаттан астам уақыт бойы түрлі би биледі. Марафонның басты мақсаты - тұрғындар арасында бұқаралық спортты насихаттау. ТАЛҒАТ ТІЛЕС – ОБЛЫСТЫҚ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ //Кешкі уақытта қала тұрғындарының баршасын осы фитнес марафонға қатысуға шақырамыз. Бұл денсаулыққа өте пайдалы. Бұл шара тұрақты түрде қолға алынатын болады. Бүгінгі шараға 5 орталықтың арнайы тренерлері жан-жақты би бағытында, денені шынықтыру бағытында өздерінің әдіс-тәсілдерімен бөлісуде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/