Suivant

Made in Kyzylorda

22/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ою-өрнегі келіскен үй жабдығы керек пе? Қоңыр күзде киетін жұмсақ шапан мен тақия қажет пе? Әлде дастарханға қояр ас-ауқатқа назар бұрасыз ба? Не болмаса үйді мұнтаздай етіп тазалайтын табиғи құралдар қажетіңізге жарар? Мұның бәрін алыстан іздеудің қажеті жоқ! Бәрі де өзіміздің Қызылордада жасалуда. Республика күні аясында ұйымдастырылған жергілікті өнім жәрмеңкесі туралы тілші сюжетінде. Тілші: Қызылордада жасалған! Құлаққа жағымды иә? Иә, мына кірді шәйдәй ашатын, асүйіңнен бастап санитарлық торпапқа дейін мұнтаздай тазалайтын заттың бәрін біздің қызылордалық кәсіпкер жасап отыр. Құрамында химикат жоқ, аллергия тудырмайтын ұнтақ пен сабын осы дейді. Ал, мына көздің жауын алатын төсек-жабдық, тойдың сәнін келтіретін, құдалықты атқаратын дүние Дана есімді кәсіпкердің қолынан шыққан. Қыздың жасауын да, іркес-тіркес бұйымның бауын да өзі тігеді. Ғарыштық символика да, табиғат мотивтері де, ұлттық өрнектер де қамтылған көркем дүниелер жерлесіміздің шеберханасынан табылады. Қызғалдақтай қыздарға арналған шапандар қоңыр күзде таптырмас бұйым, ал мына экосөмкелер нағыз жасыл Қазақстанның қажетті атрибутикасы деуге болады Қазір шұжықтың, жартылай дайын өнімнің құрамына күмәнданып қарайтынымыз рас, халал деген мөрді екінің бірі басатыны да, кәсіп иелерінің көбі сападан гөрі пайдаға жұмыс жасайтыны жасырын емес, сондықтан жерлестеріміз өндіріп жатқан таза өнімге мән беріңіз. Айта кетейік, Республика күні аясында жергілікті кәсіп иелерінің өнімдерінің жәрмеңкесі қаладағы Байұзақ плаза сауда үйінде өтіп жатыр. Жергілікті бизнес иелерін қолдап, табиғи таза өнімді қолдауға асығыңыздар. Жәрмеңке жалғасуда. А.Тұңғышбаева, Ғ.Қожақов, ҚТ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant