Suivant

NASA SPACE APPS CHALLENGE ХАКАТОНЫ

08/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Қызылордада халықаралық NASA Space Apps Challenge өтті. Іс-шарада жас өнертапқыштар АҚШ Ұлттық ғарыш агенттігінің деректерін пайдалана отырып, ғаламдық мәселелердің инновациялық шешімдерін ұсынды. NASA Space Apps Challenge — жер және ғарыш әлемін зерттеу үшін әлемнің мыңдаған дарынды жастарын біріктіретін хакатон. Биыл елімізде алғаш рет ұйымдастырылған шараға Сыр өнертапқыштары ерекше белсенділік танытты. Бұл жобаға – бас-аяғы 270-ке жуық қатысушы тіркелген. «Үздік» деп табылған жобалар шетел командаларымен жарыса отырып, өз идеяларын халықаралық аренада таныстыру мүмкіндігіне ие болады. ВЛАДИМИР ЗАТОЛОКИН – KAZAKHSTAN SMART SPACE ЖЕТЕКШІСІ Бұл жоба «NASA» ғарыш агенттігінің ұйымдастыруымен аңызға айналған Байқоңыры бар, Қызылорда өңірінде алғаш рет өтіп жатыр. Жобаға 50-ден аса команда қатысып отыр, Алматы, Астана және басқа қалалармен салыстырғанда өте жақсы көрсеткіш. Жобалар тек қазақстандық сарапшылардың ғана емес, «NASA-ның» эксперттерінің бағалауынан өтеді. Шараның мақсаты: жас жеткіншектерді жаңа технологиялар мен бағдарламау тіліне деген қызығушылығын ояту әрі ғаламдық мәселелерді шешудің жолдарын табуға бағыттау. Жобада қатысушылар 72 топқа бөлініп, өз жұмыстарын онлайн, офлайн форматта қорғады. Ең жас қатысушылардың бірі 12 жастағы Әлисұлтан Құлыбаев та инновациялық бәсекеден қалыс қалғысы келмеген. ӘЛИСҰЛТАН ҚҰЛЫБАЕВ – ҚАТЫСУШЫ 0054_01// 00-01 Мен проектіге қызығамын. Сол үшін мен өз ақылымды тексеру үшін осы жобаға қатысып отырмын. Мен сегіз жасымнан осыған қызыға бастадым. Мен климаттың өзгеруі туралы жоба жасайын деп жатырмын. ЖАНАРЫС ТҮБЕКБАЕВ – «KYZYLORDA HUB» БИЗНЕС ИНКУБАТОРЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ 0056_01// Nasa-ның берген 21 тақырыбы бойынша өз жобаларын жасап, бір күннің ішінде жобасын жасайды да, келесі күні соларды қорғайды. Жасаған шешемдерін Nasa-ның сайтына тіркеп, Қазақстан бойынша зерделеп, эксперттер ең үздік проектіні анықтайтын болады. Және де сол жобаны Nasa-ның халықаралық деңгейде өтетін Хьюстoн қаласында өтетін челленджге жолдама беріледі. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant