Suivant

"Борышкер": 34 автокөлік айып алаңына қойылды

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Үстіміздегі жылдың 17-21 маусым күндері айыппұлдарды өндіру мақсатында «Борышкер» жедел профилактикалық іс-шарасы өтті. Үш күннің қорытындысы бойынша айыппұл төлеуден жалтарып жүрген 34 жүргізушінің автокөлігі айып алаңына қойылып, 5 млн теңгеге жуық сома өндірілді. Соның ішінде, сегіз жүргізуші жол жүру ережесін өрескел бұзған. Нақтырақ айтсақ, құқық бұзушылықты автоматты түрде анықтайтын құрылғыларға жылдамдық асыру дерегімен бірнеше мәрте түскен. Оларға салынған айыппұл көлемі - 955 мың 146 теңге. СӘБИТ САТҚАНБАЙ, ОПД ӘПБ ӘКІМШІЛІК ПРАКТИКА БӨЛІМІНІҢ БАСТЫҒЫ Сонымен қатар, іс-шара барысында полиция қызметкерлерімен барлығы 142 автокөлік тоқтатылып, жүргізушілерге салынған айыппұлдарды дер кезінде төлеу жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. .. Ал, «Тіркелген қару» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында облыс бойынша 2 622 қару иелері тексерілді. Олардан 71 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. АЙБЕК ЖҮНІСҚҰЛОВ, ОПД ӘПБ АҒА ИНСПЕКТОРЫ Ағымдағы жылдың 17-21 маусым аралығында тіркелген қару жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілуде. Іс-шараның басты мақсаты – ішкі істер органдарына тіркелген қару иелерінің тұрғылықты мекен-жайы бойынша қаруды сақтау заңдылығын тексеру болып табылады Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant