"Тазалық патрулі" құрылды
Қызылордада белсенді жастардың бастамасымен «Тазалық патрулі» топтары құрылды. Еріктілер қаладағы кәсіпкерлік нысандар мен тұрғындарға тазалық мәдениетін қалыптастыруға шақыратын үнпарақшалар таратып, игі іске ұйытқы болып жүр. Жалпы эконауқан басталғалы облыс орталығындағы саябақтар мен демалыс орындары жаңарып, абаттандырылды. «Тұрғындар да бұрынғыдай бей-берекет қоқыс тастамай, тазалық сақтауға дағдыланғаны қуантады»,- дейді белсенді жастар. БИБІФАТИМА ДӘУЛЕТИЯР «ТАЗАЛЫҚ ПАТРУЛІНІҢ» МҮШЕСІ /Тұрғындарға, кәсіпкерлерге осы тазалық үндеуін ұсынып, тазалыққа шақырып жүрмін. Мен осы Қазақстанның таза болғанын қалаймын. Және таза ел – таза отбасы болады./ Облыс орталығы ғана емес ауыл-аймақтардың да ажары айшықталып, елді мекендер көркейіп, гүлденіп келеді. Мәселен, Шиелі ауданында туған жерге жанашыр кәсіпкерлер коммуналдық мекемеге қоқыс жинауға арналған 10 мотоцикл алып берді. Көше-көшені жаяу жүріп тазалайтын жұмысшылар үшін бұл үлкен көмек. Сондай-ақ, кентте тұрмыстық қалдықтарды сұрыптайтын шағын кешендер де іске қосылғаны қуантарлық жағдай. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/