Suivant

"Шаңырақ" күні аталып өтті

19/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Наурызнама онкүндігінің төртінші күні «Шаңырақ» күні. Осыған орай Жаңақорған ауданында «Ұлттық мереке – ұрпаққа өнеге» тақырыбында мәдени іс-шара өтті. Аудан орталығындағы «Шаңырақ» аллеясына жиылған жұртшылық отау құру, бесікке салу, тұсау кесер сынды салт-дәстүрімізді жаңғыртып, отбасы құндылығын арттыратын көріністі тамашалады. Ақ жаулықты әжелер жас қыз-келіншектерге диірмен тарту, келі түю, ұршық иіруді үйретсе, бүлдіршіндер ұлттық ойындарды ойнап, мәз-мейрам болды. Ақсақалдар ақ батасын беріп, көпшілік наурыз көжеден дәм татты. Мерекелік шара аудан өнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant