"Үлгілі елді мекен" байқауы басталды
Аймағымызда «Таза Қазақстан» экологиялық науқаны қорытындыланды. Бір айға созылған игі бастамаға 90 мыңнан астам адам атсалысып, қала мен ауыл аймақтан 5650 тонна қоқыс шығарылды. Енді осы эко науқанның жалғасы ретінде облыста «Үлгілі елді мекен» байқауы басталды. Екінші мәрте өтетін конкурсқа көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарына ден қойған ауылдар қатысып, үздіктер комиссия қорытындысымен анықталады. Былтыр Нағи Ілиясов «Үлгілі елді мекен» атанып, бірнеше коммуналдық техника табысталған. Ауылды көркейтуге жеке шаруашылықтың қосып жатқан үлесі зор. ЕРКЕБҰЛАН ЕРӘЛИЕВ - ШАРУАШЫЛЫҚТЫҢ ҚАРЖЫ ДИРЕКТОРЫ «Нағи ауылын абаттандыру, көгалдандыру жұмыстарына жылына 110 миллиондай қаражат бөледі. Оның ішінде гүл егу бар, жан-жақтағаы талдың күтімі бар. Субұрқақ та осы көгалдандыруға кіреді. Бұл жерде 50-ге жуық ауыл тұрғыны жұмыс істейді». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/