"Qyzylorda" телеарнасына - 33 жыл
Бүгін облыстық «Qyzylorda» телеарнасының көрерменмен қауышқанына 33 жыл толды. 1991 жылдың 30 сәуірінде Сыр жұртшылығына алғаш рет хабар таратқан аймақтың басты арнасы үздіксіз жұмыс істеп келеді. Тәуелсіздіктің төл құрдасы «Qyzylorda» арнасының қорында талай тарихи оқиғалар қатталып, дәйекті деректер сақталды. Ал, аймақ айнасының бүгінгі бейнесі - жас тілшінің көзімен. АЙЖАМАЛ МАРАТОВА – тілші // «Телеарна - тәрбие құралы». Көрермен көкжәшік арқылы ұлттық құндылықтарды, салт-дәстүр мен әдет-ғұрыпты, санаға сілкініс жасайтын ойлы дүниелерді жадына тоқиды. Елдің дамуы жолында ерен ісімен үлгі болған еңбек адамдарын, түрлі саланы өрге сүйреген азаматтарды, қоғамдағы жылт еткен жаңалықтың телеарна эфирінен танып, біліп отырады. // Ал бұл осыдан 33 жыл бұрын Сыр жұршылығына ұсынылған алғашқы кадрлар. Телеарнаның алтын қорында сақталған бейнематериалдар әр жыл сайын жұршылықтың жадында жаңғырып, арнайы топтама ретінде көрерменге жол тартып келеді. АЙЖАМАЛ МАРАТОВА – тілші //Аймақтың басты арнасында әр түрлі жастағы көрермендерге арналған түрлі ток-шоулар, ойын-сауық және танымдық бағдарламалар, қоғамдық-саяси, ақпараттық-сараптамалық хабарлар мен жаңалықтар күн сайын көпшілік назарына ұсынылады. Мұның барлығы шығармашылық ұжымның бірлескен еңбегінің нәтижесі. Уақыт талабымен үндескен телеарна жаңа маусым сайын көрерменнің көңіл түкпіріндегіні дөп басып, қоржынын жаңа бағдарламалармен толықтыра түсуде. Мәселен «Құдайы қонақ» хабары құдайы қонақты қарсы алған ауыл адамдарының шынайы болмысын көрсетсе, «Анықтаймс», «Пайдалы подкаст», «Қызық орда», «Қоңыр әңгіме», «Еңбек адамы» хабарлары әр саладағы өзекті мәселелерді қозғап, ел аузынан шыққан есті сөз, өрелі ой, келелі кеңесін көрерменге ұсынуда. Ал, «Жаңалық» жауынгерлері жыл көлемінде түрлі тақырыпта бейнематериалдар әзірлеп, аптап ыстыққа, ызғырық аязға қарамастан оқиға орнынан тікелей эфирде ақпарат таратып келеді. АЙЖАМАЛ МАРАТОВА – тілші //Бүгінде қоғамның жаңалықты әлеуметтік желіден қабылдауы қалыпты жағдайға айналып барады. Ақпараттың ақ-қарасын сүзгіден өткізбей сан-соғып, тіпті айыппұл арқалап жатқандар да бар. Осы тұста телеарна тек эфир уақытымен шектелмей, аудитория сұранысына сай әлеуметтік желідегі әр түрлі қосымшаларды қатар дамытып келеді. Бұл ең бастысы көременді нақты әрі шынайы ақпаратпен қамтуға жасалған қадам.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/