Suivant

"Алтын күз - 2024" жәрменкесі өтті

14/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев бастаған бір топ сенатор мен мәжілісмен «Алтын күз» дәстүрлі мерекесі аясында ұйымдастырылған жәрмеңкені аралады. Іс-шарада Қызылорда қаласы мен барлық ауданнан келген ауыл шаруашылығы тауарөндірушілері белгіленген орындарда өз өнімдерін саудаға шығарды. Тұрғындарға ала жаздай ризық-несібесін жерден терген Сыр диқандарының 1000 тоннадан астам өнімдері ұсынылды. Атап айтқанда, 200 тоннадан астам күріш, 25 тонна ет және 40 тоннадай балық өнімдері, 200 тонна картоп, 70 тонна сәбіз, 120 тонна пияз, 150 тоннадан астам көкөніс пен жеміс-жидек, 250 тонна бақша өнімдері, 10 тоннадай сүт өнімдері, 10 тоннаға жуық кондитер өнімдері, 200 бас тоқты және 40 тонна жем-шөп жеткізілді. Жәрмеңкеде жергілікті өнерпаздар өнер көрсетіп, балаларға арналған ойындар ұйымдастырылып, келушілерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant