Suivant

"Бір толқында" эстафетасы

13/11/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Халықаралық студенттер күні қарсаңында Қорқыт ата атындағы Қызылорда университеті «Бір толқында» атты көңілді эстафеталық жарыс ұйымдастырды. Қатысушылар ұлттық ойындардан сынға түсіп, теңге алу, асық ату, бес тас, арқан тартыс, бұқа тартыстан үздіктер анықталды. РУСЛАН БАЙСЕЙІТ – СТУДЕНТ //Жарыс тартысты өтіп жатыр, эстафетаның негізгі ерекшелігі қазақи нақышта. Теңге алу, асық ату секілді ойындар ғой енді, біз өзіміздің ұлттық спорттық ойындардардан да мықты екенімізді дәлелдеп жатырмыз. Ұстаздарымыз, мұғалімдерімізбен қатысып жатырмыз, бұл біз үшін өте қызықты.// Студенттер мен оқытушылар 6 командаға бөлініп, ұлттық ойындардан сынға түсті. Салауатты өмір салтын насихаттапу, спорттық әлеуетті дамыту мақсатында ұйымдастырылған эстафета өте қызықты әрі тартысты өтті. ЖАНДОС БАЗАРТАЙ – ҚОРҚЫТ АТА АТЫНДАҒЫ ҚЫЗЫЛОРДА УНИВЕРСИТЕТІНІҢ ӘЛЕУМЕТТІК ЖӘНЕ ТӘРБИЕ ЖҰМЫСТАРЫ ЖӨНІНДЕГІ ПРОРЕКТОРЫ //Студенттер күні аясында бізде жыл сайынғы дәстүр бойынша университеттің басшыларымен студенттерден құралған спартакиада бастау алып жатыр. Негізгі мақсаты: басшылық құрам мен студенттер арасында жақсы байланыс орнату, бір ұжым болып жұмыс істеуге баулу. Былтырғы жылы спорттың бірнеше түрлерінен болса, біз биыл қазақтың ұлттық ойындарынан қосып отырмыз. Әрбір ұлт алға жылжу үшін, өзінің болашағында үлкен жетістіктерге жету үшін, өзінің дәстүрін, мәдениетін, ғұрыптарын насихаттау, оны жаңғырту керек.// Жарыс қорытындысы бойынша жүлделі бірінші орынды «Педагогика және дәстүрлі өнер» институты командасы жеңіп алса, 2 орынды «Жаратылыстану» институты қанжығасына байлады. 3 орын «Экономика және құқық» институтының қатысушыларына бұйырды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant