Suivant

"Жолда қабылдау" акцияы өтті

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Самара-Шымкент» тас жолының бойында жыл басынан бері жол ережесін бұзудың 18 мың 344 дерегі тіркелген. Соның ішінде 5 мыңға жуығы жол апатына тікелей әсер ететін өрескел құқық бұзушылықтар. Десе де, профилактикалық жұмыстардың нәтижесінде жол-көлік оқиғаларынан қайтыс болу жағдайлары біршама төмендепті. Жыл басынан бері облыс аумағында жол апаты салдарынан көз жұму дерегі 11,4 пайызға, ал «Самара-Шымкент» тас жолында 36,8 пайызға азайған. Жүргізушілерді тәртіпке келтіру үшін қазіргі уақытта «Қорғау» жүйесі, мобильдік жылдамдық өлшегіштері бар автомобильдер жұмыс істеуде. Ол полиция қызметкерлеріне жолдағы заң бұзушылықты анықтауға мүмкіндік береді. Бүгінде жүргізушілер сан мәрте айыппұл арқаласа да, жылдамдық асыруды тоқтатар емес. Сақшылар осындай салғырттықтың соңы қайғылы жағдайға дейін жеткізетінін айтады. Сондықтан, облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Ермахан Абдраманов «Самара-Шымкент» тас жолының бойында «Жолда қабылдау» акциясын өткізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant