Suivant

"Таза Қазақстан": Тереңөзекте 11 сабақ абаттандырылды

10/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

«Таза Қазақстан» акциясы аясында Тереңөзекте 6 айдың ішінде 11 саябаққа абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Алдағы күндері ел игілігіне «Жастар аллеясы» пайдалануға берілмек. Тілші бейнематериалында толығырақ. «Жастар аллеясын» салу үшін алдымен бұл аумақтың қоршаулары алынып, айналасы тазартылды. ЕРЖАН БАҚТИЯРОВ - ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ӘКІМІ «осы акцияның аясында облыс әкімінің қолдауымен кентімізде «Жастар аллеясы» бой көтеріп жатыр. Алдағы уақытта аллеяның бойын көгалдандыру жұмыстары жүргізіледі. Сонымен қатар «Тағзым» алаңын абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Тағзым алаңы да тұрғындардың демалыс орны ретінде ыңғайластырылып, әзірленеді». «Жастар аллеясын» салуға еріктілер атсалысуда. Тазалық науқанында олар аумақты қоқыстан тазартып, әктеу-сырлау жұмыстарына белсене араласты. НҰРЖАН СЕЙІТЖАН - «СЫРДАРИЯ ЖАСТАРЫ» ЕРІКТІЛЕР ТОБЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ «алдыңғы жылдың қорытындысы бойынша Сырдария ауданының «Жасыл ел» еңбек жасағы үздік болып, 2 жыл қатарынан номинация алды. Бізде тек кент орталығында емес, ауылдық округтерді қоса есептегенде 3000-ға жуық жас осы «Тазалық акциясына» зор үлесін қосуда. Қазір осы «Жастар аллеясында» еріктілер тазалық жұмыстарын жасауда». Кентте абаттандыру, көркейту, көгалдандыру жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Мәселен, көпқабатты тұрғын үйлерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп, орталық көшелерде жаяу жүргіншілер жолы салынуда. ЕРЖАН БАҚТИЯРОВ - ТЕРЕҢӨЗЕК КЕНТІНІҢ ӘКІМІ «9 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру жобасы іске асырылып жатыр. Оның ішінде қазіргі таңда 6 көшеге жаяу жүргіншілер жолын орналастыру жұмыстары басталды. «Тереңөзек кентінде 41 көпқаббаты тұрғын үй болса, осы күнге дейін 15 үй күрделі жөндеуден өткізілді. 2024 жылға 6 көпқаббаты тұрғын үйді жөндеу жұмыстары жоспарланған және іске асырылуда. Осы мақсатта республикалық бюджеттен 44 млн қаржы қаралып отыр. әлде де жөнделетін үйлер бар. қазір тұрғындармен келіссөз жүргізіліп жатыр. Келісім болған жағдайда міндетті түрде күрделі жөндеу жүргізілетін болады». Айта кету керек, «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы кент орталығымен қатар барлық елді мекендерде ұйымдастырылуда. Тазалық шарасы жыл соңына дейін жалғасын таппақ. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant