Suivant

"Қайсар" "Елім-айды" жеңді

17/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Футболдан Қазақстан чемпионатының 14-турында «Қайсар» «Елім-айды» қабылдады. Орталық стадиондағы ойында дала қасқырлары кезекті 3 ұпайға қол жеткізді. Ойында бірінші болып қонақтар есеп ашты. Әуелеген допты Сикачтың қақпасына дәлдеген «Елім-айдың» бразилиялық легионері Шина болды. Осылайша, бірінші тайм «Елім-айдың» пайдасына жазылды. Ал, екінші тайм басталысымен қайсарлықтар өткір шабуылға көшті. Қақпа алдындағы қарбалас сәттердің бірінде семейлік қорғаушы Дмитрий Яшин ереже бұзып, пенальти белгіленді. 11 метрлік айып добын Айбар Жақсылықов сәтті орындады. Ал, шешуші голды 95-минутта Горан Милойко салды. Кезекті жеңісінен кейін «Қайсар» турнир кестесінде 6-шы орынға көтерілді. Келесі турда, 28-шілде күні өз алаңында «Астананы» қабылдайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant