Suivant

"ӨНЕРЛІ ӨЛКЕ" КЕШКІ ШОУ. ҚОНАҚТА - "ШАНШАР" ӘЗІЛ-СЫҚАҚ ТЕАТРЫ

16/09/24
OŃTÚSTIK TV
Dans Asie / Kazakhstan

Оңтүстік қазыналы тарихқа да, әсем табиғатқа да, талантты өнерпазға да бай өлке. Шымкент қаласынан шығып аты әлемге танылған ақын-жазушылар,спортшылар, музыкант-композиторлар, әнші, жыршы, күйшілер, өнер ұжымдары өте көп. Үшінші мегаполис атанған алып шаһардың ғана емес елдің мақтанышына айналған азаматтардың өнер жолы, өмір жолы көрерменге қызық. «ONTUSTIK» телеарнасы аталмыш азаматтардың алғашқы қадамдарынан бастап бүгінгі таңдағы жетістігіне куә. Олардың ең алғашқы сұхбаттары, репортаждары біздің телеарнадан көрсетіліп, көпшілікке танылды. Біздің телеарна көпшіліктің сүйікті театрына айналған «Шаншар» әзіл-сықақ театрының құрылуына себепкер болса, «Алдараспан» театры да арнамыздағы сауықтық бағдарлама ретінде бастау алып, кейіннен елге танымал үлкен өнер ұжымына айналды. Жаңа маусымда «Ontustik» телеарнасы ел мәдениеті мен спортына сүбелі үлес қосқан өнерпаздардың қатысуымен өтетін «Өнерпаздар өлкесі» жобасын көрермен назарына ұсынбақ. Бағдарламаға Шымкенттен шыққан танымал өнерпаздар қатысып, өздерінің қызықты оқиғалары мен бүгінгі таңдағы жұмыстарымен, шығармашылық жоспарларымен, естен кетпес естеліктерімен бөліседі. Оңтүстік - http://shymkenttv.kz Facebook - https://www.facebook.com/ontustiktv VK - https://vk.com/ontustiktv Twitter - https://twitter.com/ontustiktv Instagram - https://www.instagram.com/ontustiktv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaq... Google Play - https://play.google.com/store/apps/de... Youtube-тағы арнамызға мына сілтеме https://clck.ru/FYBFN бойынша жазылып, ең танымал, ең пайдалы, ең қызықты видеоларды тамашала.

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant