Qyzylorda телеарнасы
Пробациялық есепте тұрғандарды жұмыспен қамту- күн тәртібіндегі өзекті мәселе. Осы орайда жазасын өтеп келген азаматтарды өмірге бейімдеу мақсатында жәрмеңке ұйымдастырылды. Облыс бойынша бес жүзден астам адам пробациялық есепте тұрса, оның 54-і ғана жұмыспен қамтылған. Сондай-ақ жыл басынан бері 254 адамға әлеуметтік көмек көрсетіліп, тегін медициналық тексеруден өткен. БАҚЫТ НҰРТАЗАЕВ – ҚАЛАЛЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК БЕЙІМДЕУ ЖӘНЕ ОҢАЛТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ /Бұл шара мына жазасын толық өтеп шыққан және пробация қызметінің есебіндегі азаматтардың өздерінің кәсібін ашып, сол жұмыстарын көрсетуге, басқаларға үлгі болсын деген мақсатта ұйымдастырылды. 26 кәсіпкерді шақырған болатынбыз, 24-і келді. Әрқайсысы әр сала бойынша, біреуі кондитерский ашқан, біреу мал шаруашылығымен айналысып жатыр, енді бірі шығармашылықпен айналысып жатыр. Сондай мамандарды шақырып, басқа пробацияда тұрған азаматтарға жұмыстарын насихаттау болды біздің мақсат/ Жазасын өтеп шыққан Асқар Сыздықов жәрмеңкеде өз туындыларын көпшілік назарына ұсынды. Бүгінде ол тапсырыспен сурет салып, нәпақасын айырып отыр. Жаза басып, жазасын темір тордың ар жағында өтеп келген адамдарды қоғамға бейімдеу – басты назарда. Іс-шара барысында сала мамандары мен пробация есебіне алынған азаматтар ашық пікір алмасып, кәсіпкерлік турасында әңгіме өрбітті. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/