Suivant

SIM-КАРТА САТУҒА ШЕКТЕУ ҚОЙЫЛАДЫ

17/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Елімізде SIM-карта сатуға шектеу қойылмақ. Абоненттік нөмірді енді eGov порталы арқылы ғана алуға болады. Әрі бір азаматқа бір ғана SIM-карта беріледі. Бұл жайлы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбеков Мәжіліс отырысында айтты. Министрлік тиісті заң жобасын әзірлеп жатыр. Бұл интернет алаяқтық қылмыстардың алдын-алу үшін қабылданған шара. Себебі, қазақстандық нөмір арқылы әккі айлаларын іске асырып жүргендер көбейді. Ішкі істер министрлігінің дерегінше, елде қолға түскен 3 қылмыстық топтан бүгінде 3500-ден астам SIM-карта тәркіленген. АСХАТ ОРАЗБЕК - ҚР ЦИФРЛЫҚ ДАМУ, ИННОВАЦИЯЛАР ЖӘНЕ АЭРОҒАРЫШ ӨНЕРКӘСІБІ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ «Егер азаматтар бірнеше SIM-карта пайдаланатын болса, әр нөмір үшін есеп беруі керек. Біз алдағы уақытта осындай ұсыныспен шығамыз. Депутаттар қолдау көрсетеді деген ойдамын». Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant