Suivant

V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары Астана саммитінде таныстырылды

07/07/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Астанада Бейбітшілік және келісім сарайында орналасқан медиа орталықта V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бұрышы жұмыс істеп тұр. Бұл шағын көрмеге қыркүйекте елордада өтетін ауқымды іс-шара жайлы мағлұматтар қойылған. 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу жөніндегі дирекцияның мәліметінше, шетелден келген қонақтарға ойындарды таныстыру мақсатында «Ұлы даладағы кездесу» тақырыбында көрме қойылымы дайындалған.Сондай-ақ Шанхай Ынтымақтастығы Ұйымының сессиясы өтіп жатқан ғимараттарда ойындардың ресми промороликтері орналастырылған. Оған қоса дирекция өкілдері шетелдік қонақтарға ойындар туралы ақпаратты таныстырып, ұлттық нақышта безендірілген арнайы таныстырылым бұрышында бұқаралық ақпарат құралдары өкілдеріне арнайы сұқбаттар легін ұйымдастырып жатыр. Ал, 5 шілдеде Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын дайындау және өткізу дирекциясы Qazaqstan жеңіл атлетика кешенінде шетелдік дипломаттар мен журналистерге ойындармен кеңірек таныстыру мақсатында арнайы жиын өткізеді. Айта кетейік, 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары 8-13 қыркүйекте Астанада өтеді. Іс-шараға 89 елден 2000-нан астам қатысушы қатысады деп жоспарланып отыр. Ойындарға барлығы 21 спорт түрінен 97 медаль жиынтығы сарапқа салынады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant