Suivant

V Дүниежүзілік көшпенділер ойыны: Сыйақы көлемі 253 млн теңге

26/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

V Дүниежүзілік Көшпенділер ойындарының жеңімпаздарына берілетін сыйақы көлемі белгілі болды. Жүлденің жалпы сомасы – 253 млн теңге. Қаржыны серіктестер мен демеушілер бөлген. Әр спорт түрі бойынша жүлделер жеке беріледі. Соның ішінде командалық спорт түрлері – бұл, ең алдымен, көкпар және көк-бору. Жеңімпаз командаға 10 млн теңге, екінші орынға 6 млн теңге, қола жүлдегерге 4 млн теңге табысталады. Жеке спорт түрлерінде жеңімпаздар 500 мың теңгеден алады, екінші орын иеленгендер 300 мың теңгеден, қола жүлдегер 200 мың теңгеден алады. Ат спорты түрлерінде жүлделер біршама көп: бәйге жеңімпазына 2 млн теңге, жорға, құнан бәйге, топ бәйге жарыстарында 3 млн теңгеден, аламан бәйгеде 5 млн теңгеден беріледі. Барлық жеңімпаздар мен жүлдегерлерге V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары үшін арнайы әзірленген бірегей медальдар табысталады. Айта кетейік, байрақты бәсеке 8-ші қыркүйекте басталады. Оған 89 елден екі жарым мың спортшы қатысады деп жоспарланып отыр. Олар 21 спорт түрі бойынша өзара мықтыны анықтайды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant