Suivant

Yonhap: Оңтүстік Корея президентіне шетелге шығуға тыйым салынды

09/12/24
Khabar 24
Dans Asie / Kazakhstan

Мемлекет басшысы қамауға алынуы да мүмкін. Бұл туралы ел полициясына сілтеме жасаған "Рёнхап" агенттігі хабарлады. Мүндай шешімді елдің әділет министрлігі қабылдаған. Президент Юн Сок Ёль өткен аптада елде әскери режим жариялау арқылы "мемлекетке опасыздық жасады", "билігін асыра пайдаланды" деп айыпталуда. Сол кезде мемлекет басшысы "Солтүстік Корея жақтастарына қарсы күрес" деген сылтаумен оппозициялық партиялардың қызметіне тыйым салмақ болған еді. Алайда мұның соңы дауға ұласып, депутаттар ереуілге шығып, Юн Сок Ёль өзі шығарған жарлықтың күшін жоюға мәжбүр болды. #Yonhap #ОңтүстікКорея #Рёнхап #хабар24

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant