Suivant

АВТОГАЗ ЕНДІ ЛИМИТСІЗ САТЫЛАДЫ

20/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Облыс әкімінің тапсырмасымен қаладағы газ құю бекеттерінен лимит алынып тасталды. Енді көлік жүргізушілері автогазды бұрынғыдай 2 мың теңгеге ғана емес, қалағанынша құя алады. Сонымен қатар, аймақ басшысы көгілдір отынды талонмен сатуды тоқтатуды тапсырды. Айта кетейік, күні кеше облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен өткен мәжілісте жанармай бекеттеріндегі сұйытылған автогаз сату мәселесі қаралды. Аймақ басшысы операторлардан сатылым лимитін алып тастауды талап етіп, газ тапшылығын қолдан жасамауға пәрмен берді. Артынша аймақ басшысының тапсырмасымен жедел жұмысшы топ құрылып, қаладағы бірқатар газ құю бекеттерінде тексеріс жұмыстарын жүргізді. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant