Suivant

АГРОӨНЕРКӘСІП КЕШЕНІН ДАМЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Бүгін Үкіметтің агроөнеркәсіп кешені туралы кеңес отырысында ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемін екі есе ұлғайту бойынша қабылданатын және жоспарланған шаралар талқыланып, тиісті тапсырмалар берілді. Кеңес отырысында облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаев Премьер-министр Әлихан Смайыловқа осы бағытта өңірде атқарылған жұмыстарды баяндады. «Ауыл шаруашылығы министрлігі ұсынған, Жол картасында қамтылған жаңа тәсілдерді толық қолдаймыз. Өңірде әртараптандыру бағытында биылдың өзінде күріш алқаптарын 5 мың 100 гектарға қысқартып, мал азығы дақылдары мен көкөніс, бақша егісі көлемін көбейту жоспарлануда», - деді облыс әкімі Кеңес отырысынан кейін арнайы мәжіліс өткізген аймақ басшысы облыстың өсіп-өркендеуіндегі аграрлық саланың орны мен маңызы туралы айтты. Мәжілісте жауапты басшыларға ауыл шаруашылығы саласына тартылатын инвестиция көлемін арттыру, суды үнемдейтін озық технологияларды енгізу, егін егуге ынталы отбасыларға жер учаскелерін дайындау міндеті жүктелді. Жол картасындағы жоспарланған шаралардың мерзімінде орындалуы, инвестициялық жобаларға қайта талдау жүргізу, 2024-2028 жылдары жүзеге асырылатын жобалар пулын қалыптастыру аса маңызды. Сондықтан шағын несие және қаржы ұйымдарымен бірлесіп, инвестжобалардың қаржылық мәселесін шешуге ықпал жасау керек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant