Suivant

Адал азамат - белсенді қоғам

06/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Өңірімізде «Адал азамат – белсенді қоғам» атты «Ашық есік күні» өтті. Жоба барысында жергілікті заң қауымдастығының өкілдері тұрғындардың көкейкесті сауалдарын тыңдап, тегін заң көмегін ұсынды. Аталмыш жобаның мақсаты – азаматтық қоғам мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту. Халықтың билікке деген сенімін арттыру. Азаматтық қоғамды дамыту орталықтары үкіметтік емес ұйымдар мен мемлекеттік органдар арасында өзара тиімді әріптестік құруға ықпал етіп, үшінші сектордың әлеуетін дамытуды көздейді. АНАР ІЗДЕН – ОБЛЫС БОЙЫНША ҮКІМЕТТІК ЕМЕС ҰЙЫМДАР АЛЬЯНСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ //Қыркүйек айынан жыл аяғына дейін ҚР Әділет министрлігі мен Азаматтық Альянсының ұйымдастыруымен «Адал азамат – белсенді қоғам» жобасы жүргізіліп келеді. «Ашық есік күндері» біздің орталықтан барлық азаматтар құқықтық кеңес алуға мүмкіндіктері бар. Бүгін, міне, осындай «Ашық есік күнін» «Жастар орталығында» арнайы жастар, студенттер үшін ұйымдастырдық. Заң кеңесшілері, адвокаттар, нотариустар жастарымыздың сұрақтарына жауап беріп жатыр.// Әр азаматтың білікті заң көмегін алуға құқығы бар. Шараға 30-ға жуық студент қатысып, білікті мамандардан ақыл-кеңес алды. БАҚЫТЖАН МЕДЕТ – СТУДЕНТ //Қазіргі таңда Ашық университетінің 3-курс студенті боламын. Сұрағым: ертең мен оқуымды бітіргенен кейін, жұмысқа тұрып кете аламын ба? Маған заңгерлер жағынан көмек бола ма? Жасөспірімдер арасында кредит, займ, әртүрлі қаражат жағынан қиын. Осындай сот болсын, заңгерлер болсын «Жастар орталығына келіп, кеңес беріп жатқандарыңызға шексіз алғыс. ЖАНЗИРА НАҒАШЫБАЙ – ОБЛЫСТЫҚ ӘДІЛЕТ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ //Студенттерге кеңес берілді. Студенттердің басым сұрақтары оқу гранттарын алу мәселесі, сонымен қатар, сот актілері бойынша есепшоттарды жабу, есеп шоттарды ашу. ҚР шектеулерді алу бойынша сұрақтар қызықтырды. Студенттерге жауап берілді. Бұл – науқан бүкіл Қазақстан бойынша жалғасын табуда.// Мұндай басқосулар Әділетті Қазақстанды құруға және әрбір азаматтың қоғамда белсенді болуына ықпал етеді дейді қатысушылар. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant