Suivant

Азаматтар мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді

24/06/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Енді ел азаматтары мерзімі өткен айыппұл үшін артық ақша төлемейді. Мүлкіне де, шектеу қойылмайды. Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтің сөзінше, айыппұл төлеу мерзімі 50 күннен асқан тұрғындарға тағы да хабарлама жіберіледі. Дәлірек айтқанда, бұрынғыдай іске жеке сот орындаушылары араласпайды.Осылайша олардың қызметіне төленетін қосымша 25 пайыз қаржы тұрғындардың қалтасында қалады. Сот орындаушының қызметін роботтар атқармақ. Мәселен, «Сергек» камерасы арқылы айыппұл арқалап, оны төлеуге үлгермей қалсаңыз, сіз қолданатын банк қосымшаларына SMS және push-хабарлама жіберіледі. Осылайша жыл сайын азаматтардың 2,2 миллиард теңгесі үнеделемек. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant