Suivant

Айдарлылық аналар киіз басып, текемет тоқуда

23/04/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Сырдария ауданы, Айдарлы ауылында Қазақстан қолөнер шеберлерінің республикалық «Киіз басу» форумы өтіп жатыр. Екі күндік шарада айдарлылық аналар еліміздің әр өңірінен келген қыз-келіншектерге шеберлік сабағын өткізіп, киіз басу, текемет тоқудың қыр-сырымен бөлісуде. Айдарлы он саусағынан өнер тамған ісмерлер мен шеберлердің ауылы. Бұл елді мекенде қолынан іс келмейтін қыз-келіншек жоқ. Бәрі де бесаспап, тігін тігеді, киіз басады, текемет тоқиды. Бұл әрине көне көз әжелердің тәлімді тәрбиесінің арқасы. Мәселен, Салтанат Әбдіраманова жастайынан түкті кілем тоқуды меңгерген. Бүгінде өзінің бар білгенін ізіне ерген қыз-келіншектерге үйретіп жүр. САЛТАНАТ ӘБДІРАМАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ Түкті кілем көне заманнан келе жатқан әжелеріміздің көне көзі. Осы түкті кілемді жоғалып кетпес үшін әрі қарай жалғастырып келе жатырмыз. Мысалы мына кілем ағашқа 100 жыл болыпты. Әлі күнге дейін сақталып келе жатыр. Қасымдағы қыз шәкіртім, осыған үйретіп жатырмын кілем тоқуды. Өте күрделі, әрбір ісіңді есеппен істейсің. Шыдамдылықпен шеберлікті қажет етеді Ал, Мәрияш Әлжанова сырмақ сырып, киіз басып түйе, қой жүнін кәдеге жаратып отыр. Қолөнер шебері өткен жылы ауылшаруашылық кооперативін құрып, «Ауыл аманаты» бағдарламасы бойынша жеңілдетілген пайызбен 27,6 млн теңге несие алып, цех ашты. Қазір мұнда жүн түтетін, өңдейтін, киіз басатын және тері, сырмақ тігуге арналған құрылғылар жұмыс істейді. МӘРИЯШ ӘЛЖАНОВА, ҚОЛӨНЕР ШЕБЕРІ Менің өнімдерін тек қана жергілікті қой жүнінен жасалған. Тұрмыстық бұйымдар не керек бәрін жасаймын. Киіз, текемет басамын, тоқымдар жасаймын, қоржын, аяққап, кесеқап бәрін жасаймын. Музейлер заказ беріп жатыр сосын Ақтау, Атырау жақта киіз үйді жабуға ақ киіз сұрайды Кооперативте қазір ауылдың 6 тұрғыны жұмыспен қамтылған. Олар форум барысында киіз үй жабдықтарын, текемет тоқудың әдіс-тәсілдерін көрсетіп, шеберлік сағатын өткізді. Айта кетейік, Мәрияш Әлжанова «Бір ауыл - бір өнім» бағдарламасының жеңімпазы. Оның қолынан шыққан таза табиғи экологиялық өнімдер облыстық, республикалық көрмелердің төрінен табылады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant