Suivant

АЛДАҒЫ 5 ЖЫЛДА 65 ЖОБА ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛАДЫ

24/01/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аймақта кәсіпкерлік және өнеркәсіп саласы өрістеп келеді. Кәсібін тұрақты жүргізіп отырған кәсіпкерлер саны былтыр 67 мың 180- ге жетіп, соның арқасында 125 мың адам жұмыспен қамтылды. Ал енді алдағы бес жылдықта 65 жобаны жүзеге асыру жоспарланып отыр. Облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаров журналистерге арналған брифингте сала жаңалықтарымен бөлісті. Былтыр кәсіпкерлік саласында 540,4 млрд теңгенің өнімі өндіріліп, бизнестің жалпы өңірлік үлесі 17,7 пайызды құрады. Сонымен қатар, аймақта мұнай өндіру көлемінің төмендеуіне қарамастан өңдеу өнеркәсібінің көлемі артқан. ДІНМҰХАМЕД ӘБСАТТАРОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Шетелден инвестиция тарту бағытында 26 түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып, әлеуетті жоғары 3 жобаға 8,7 млрд теңгені құрайтын инвестиция тартылуда. Оның аясында 540 жұмыс орны ашылады деп күтілуде.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant