Suivant

Алматы облысында сүт өнімдерінен қауіпті қышқылдар табылды

15/11/24
KOKSHE TV
Dans Asie / Kazakhstan

Алматы облысында сүт өнімдерінен қауіпті қышқылдар анықталған. Мұны тұтынушылар құқығын қорғау қоғамы жүргізген зерттеу нәтижесі көрсетіп отыр. Зерттеу кезінде Қонаев қаласындағы дүкендердің бірінен айран сатып алынған. Үлгі Алматы қаласындағы Ұлттық сараптама орталығы филиалының аккредиттелген зертханасында тексерілді. Талдау нәтижесінде өнімнің Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сай келмейтіні анықталған. Сонымен қатар өнімде каприн қышқылының мөлшері төмен болды. Яғни өнімнің майлылығы бұзылған. Бұл оның жасанды немесе сұйытылғанының белгісі. Жалпы республика бойынша 9 ай ішінде зерттеу үшін 1423 өнім сатып алынған. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant