Алматыда заманауи стандартқа сай зертхана ашылды
Алматыда Массачусетс технологиялық институтының стандарттарына сай зертхана ашылды. Зертхана цифрлық өндіріске арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Зертхана цифрлық өндіріске арналған заманауи қондырғылармен жабдықталған. Енді Сәтпаев университетінің студенттері 3D принтерлер, лазерлік кескіштер, фрезерлік станоктар және басқа да жабдықтарды пайдалана отырып, жобаларын жүзеге асыра алады. Зертхананың ашылуы білім ордасының 90 жылдығы мен академик Қаныш Сәтбаевтың 125 жылдығына орай ұйымдастырылды. Шараға депутаттар, мемлекеттік органдардың басшылары, ғалымдар мен шетелдік қонақтар қатысты. Бүгін сондай-ақ инженерлік орталық пен технопарк қолданысқа берілді. Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек университеттерді мемлекет есебінен ғана емес, бизнестің көмегімен жаңғыртудың маңыздылығын атап өтті. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv