Suivant

Алты тіл білетін қазақ қызы германияда еңбек етіп жүр

19/03/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі білім біл. Ата-бабаларымыздан жеткен даналық сөз. Тіл қатынастың таптырмас құралы болғандықтан, қанша жұрттың тілін білсең, сонша түрлі ілім игеріп, білім көкжиегің кеңейе түседі. Күні кеше Ел Президенті 3-ші құрылтайда жастарымыздың тіл меңгеріп, шет елде еңбек етіп, тәжірибе жинауы өте маңызды екеніне тоқталды. Осы ретте біз алты тілді білетін, Германиядағы халықаралық компанияда қызмет ететін отандасымызбен жүздескен едік. Отандасымыз Перизат Ибраева қазақ, орыс, ағылшын, неміс, испан, француз тілдерінде еркін сөйлейді. Әлемнің 20-дан астам елінде болып, 7 мемлекетте жұмыс жасаған. Бүгінде Германиядағы халықаралық компанияда сутегі энергетикасының инженері болып қызмет етуде. Сырт жерде жүргеніне 14 жыл болыпты. Президентіміз «Бала есейген соң қанаттанып, ұядан ұшуы тиіс. Шетелде білім алуы қажет. Өзге жұрттың қалай өмір сүріп жатқанын көргені абзал. Қай жерде өзіне және еліне пайдасы тисе, сол жерге барып еңбек етуі керек» деуі бекер емес. Бабаларымыз біліп айтқан жеті жұрттың тілін біліп, ілім ілгені өте маңызды. Перизат өзінің еңбек демалысында Отанына оралып, ағайын-туыспен араласып тұрады. Әйтпегенде ше?! Сыртта жүргенмен жұдырықтай жүрегі қазақ елі деп соғады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant