АЛТЫН КҮЗДІҢ АЛҒАШҚЫ ЖӘРМЕҢКЕСІ
Облыс орталығында Алтын күздің алғашқы жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Жаңақорған, Шиелі аудандарының шаруалары 300 тоннадан астам ауыл шаруашылық өнімдерін әкеліп, қала тұрғындарына ұсынды. ӘКІМЖАН ЖОЛТАЕВАла жаздай бел жаздай еңбек еткен жаңақорғандық диқандар жәрмеңкеге келіп, өз өнімдерін халыққа ұсынуда. Мұнда Жайылманың қауын, қарбызынан бастап тұрғындарға қажетті кез келген азық-түлік өнімдерін табуға болады Жәрмеңкеге Жаңақорған ауданынан жалпы көлемі 130 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдері әкелінді. Оның ішінде бақша өнімдері 34 тонна, күріш 7 тонна және ет, балық, жеміс-жидектің түр түрі бар. Жалпы, ауданда биыл 35 мың гектарға егін егілді. Тынымсыз тірліктің арқасында өнім көлемі артып, несібеміз молайды, - дейді шаруалар. ТАЛҒАТ ЗЕЙДАЛИЕВ, ЖАҢАҚОРҒАН АУДАНДЫҚ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ЖӘНЕ ЖЕР ҚАТЫНАСТАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ 21 мың гектарға мал азықтық дақыл егілді. Негізгі дақылымыз күріш 7545 гк орналастырылды. Су тапшылығының сезілуі байқалған жоқ. Қазір өнімдер жоғары көрсеткіште алынып жатыр. Осы қала халқына алғашқы жәрмеңкеде қолжетімді бағада үлестіріп жатырмыз. Бұл әрине диқан қауымның еңбегі Жаңақорғандықтар соңғы жылдары егін шаруашылығын әртараптандыруға басымдық беруде. Мәселен, «Qaratau Fruits» шаруа қожалығы былтыр 30 мың гектар аумаққа 85 мың түп алма көшетін отырғызған болатын. Тамшылатып суару әдісімен суғарылған жеміс ағаштары биыл міне алғашқы өнімін берді. Қаратаудың бөктерінде өскен дәмді алма жәрмеңкенің көрігін қыздырды. ЕСЕН ӨМІРӘЛИЕВ, БІРЛІК АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Аллаға шүкір бұйырған өнімді алып, халыққа таратып жатырмыз. 3 тонна әкелдік, сортына қарап 300-350 тг беріп жатырмыз. Жергілікті өнім... Тілші: Ал, аққорғандықтар биыл 50 гектарға бақша дақылдарын егіпті. Шығымы жаман емес. Дәмі тіл үйіретін қауын, қарбыз қызылордалықтардың да қызығушылығын туғызды. ЖҰМАШ САПАРҚОЖАЕВА, ҚАЛА ТҰРҒЫНЫ Жаңақорғаннан келген қауын, қарбыздан алып жатырмыз. Дәмді, жақсы. Өзім осы қала тұрғынымын жылда келеді, аламыз... ТЕМІРЛАН ТӨРЕЕВ, АҚТОҒАН АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ Ауылдың басты кәсібі егін және мал шаруашылығы. Жаздай еккен егінімізді алып келіп отырмыз жәрмеңкеге.... Шиелі ауданының шаруалары мен тауар өндірушілері де облыс орталығына келіп, қала халқына ауыл өнімдерін ұсынды. Жәрмеңкеге жалпы көлемі 138 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімдері жеткізілді. Негізгі дақыл күріштен бастап көкөніс, бақша дақылдары, балық, ет, сүт, сөк, талқан, жергілікті жерде дайындалған ара балына дейін сатылды. БАҒЛАН САҒЫНДЫҚОВ, АУДАН ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ Биыл Шиелі ауданында 31500 мың гк өнім егілген болса, соның 13098 гектары күріш дақылы. Биыл күріштің өсімі жақсы.,.... Ырзық-несібесін жерден жинаған шиеліліктер егіннің жәйін біледі. Сауданың да көркін қыздырды. ЖАНАРЫС ҚҰРМАНАЙ, ДИҚАН 2,5 тонна асқабақ әкелдім жәрмеңкеге. Халықтың сұранысы жоғары. Бағада қолайлы 90 тг. Өзіміз диқан болғанна кейін арзан бағада беріп жатырмыз. Жеке жеріміз бар, картоп,асқабақ егеміз. Картопты енді қазамыз. Келесі жәрмеңкеге әкелеміз... Биыл Ботабай ауылына 4 су насосы алынып, күрмеулі мәселенің түйіні тарқады. Аяқ судың проблемасы шешілген соң тұрғындар кетпен шауып, бақша екті. Еңбектің өтеуі қайтты, - дейді олар. Өздерінен артылған өнімдерін жәрмеңкеге әкеліп өткізіп, қалтасын қалыңдатты. Қала мен даланы жақындастырған жәрмеңкеге жұртшылық дән риза. Қыстық азығын қамдап, мол өнімнен қаптап алып жатыр. Айта кетейік, ауыл шаруашылық өнімдерінің жәрмеңкесі енді жыл соңына дейін әр сенбі сайын өткізіліп тұрады. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/