Suivant

Аналар - жыр арқауы

14/05/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Әлемді әлдиімен тербеген ақ жаулықты аналардың құрметіне орай Сыр сүлейлерінің ізбасарлары да тағылымды кеш ұйымдастырды. Жыраулар үйінде өткен шарада ана қадірін айшықтайтын мазмұнды шығармалар орындалып, тәлімі мол туындылардың тарихы баяндалды. Ана – тіршіліктің тұтқасы, шаңырақтың шырағы. Сондықтан дүниемен дидарластырған асылын ардақтап, жырға қоспаған ақын, ән арнамаған сазгер кемде-кем. Ана тақырыбы әсіресе Сыр шайырларының шығармаларында жиі кездеседі. Мерекелік кеште сүлейлер ізін жалғаушы бүгінгі буын көнеден күмбір тартқан тағылымды туындылармен қатар, арнау жырларын орындады. Облыстық мәдениет басқармасы ұйытқы болған шараға өмірі өнегемен өрілген ақ жаулықты аналар арнайы шақыртылған. Оларға мерекелік тарту жасалып, айрықша құрмет көрсетілді. Мазмұнды шарада жыршылармен қоса, өңір өнерпаздары жанды дауыста ән шырқады. Жалпы, аналар мерекесі әлемнің 20-дан астам елінде тойланады. Біздің елде былтырдан бастап мемлекеттік деңгейде маңыз беріліп келеді. Бұл бастама асыл жандардың мәртебесін асырып, қадірін-қасиетін үстем етері сөзсіз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant