Аналар күні 20 нәресте дүние есігін ашты
Аналар күнінде облыстық перинаталдық орталықта 20 нәресте дүние есігін ашты. Оның 14-і қыз бала, 6-ауы ұл. Мерекеде ел демографиясына үлес қосқан жандарға құрмет көрсетілді Ұлт болашағы – ананың қолында. Сондықтан ана мен бала денсаулығын, олардың құқығын қорғау – мемлекет алдында тұрған басты міндет. Осы мақсатта биыл алғаш рет «Аналар күні» атаулы күндер тізбесіне қосылды. Мерекеге орай облыс әкімі жанындағы әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі комиссия мен облыстық әкелер кеңесі аяулы жандарға ілтипат білдіріп, сый-сияпат жасады. ЕРЖАН ИСКЕНДІР – ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ //Аналарға қанша қызмет көрсетсек те шексіз рақметімізді айтсақ та оның барлығы жеткіліксіз. Сондықтан да анасыз күн жоқ. Еліміздің өсіп келе жатқандығы осы аналардың арқасында. Сондықтан да аналарымызға қызметіміз шексіз деп санаймыз. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/