Аппарат басшыларының тәртіптік ісі қаралды
Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы ішімдік ішіп, қызметтік көлікті заңсыз басқарған. Ал, Сырдария ауданы әкімі аппараты басшысының үстінен бөлім басшысын соққыға жықты деген ақпарат тараған. Қос мемлекеттік қызметшінің бұл әрекеттері әдеп кеңесінде қаралды. Ернар Бекенов өткен жылдың тамыз айында Қармақшы ауданы әкімі аппаратының басшысы қызметіне тағайындалған. Мемлекеттік қызметші еңбек демалысы уақытында, яғни мамыр айының он тоғызында қызметтік көлікпен қалаға келіп, ішімдік ішкен. Осылайша, ол масаң күйде көлік тізгіндеген. Мұны байқаған тәртіп сақшылары шенеунікті 20 тәулікке әкімшілік қамаққа алған. СӘКЕН ЖҰМАЕВ – ОБЛЫС БОЙЫНША МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ // Қызылорда қаласының әкімшілік құқық бұзушылық жөніндегі мамандандырылған сотымен Бекеновке қатысты сот қаулысын жариялау барысында 19 мамырда сағат түнгі 03:50 шамасында көлік басқару құқығы жоқ бола тұра «Toyota» маркалы автокөлігімен Қызылорда қаласы, Саламатов көшесі бойынша көлікті масаң күйде басқарғаны анықталды. Бұдан бөлек, сотпен Қызылорда ОПД ӘПБ мәліметі бойынша, Бекеновке жүргізуші куәлігі берілмегендігі анықталған.// Қармақшы ауданының әкімі Жандос Еркінбек аталған азаматтың тәртібіне түсініктеме берді. ЖАНДОС ЕРКІНБЕК – ҚАРМАҚШЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ // Түсініктеме беру үшін хатпен таныстырдық. Өз тарапынан ол бармайтындығын айтты. Бүгінгі отырысқа байланысты біз Ернар Бекеновті үйінен де, басқа жерденде таппадық. Өз тарапымыздан екі рет хат жібердік. Одан бөлек, аппараттың қызметкерлері үйіне барып жүр. Үйіндегі әке-шешесі үйде жоқ, Қызылордаға кетіп қалған деп айтып отыр. Ұялы телефоны өшірулі. Алдағы уақытта мемлекеттік қызметкер ретінде Қармақшы ауданы әкімдігінде я болмаса әкімшілікке қарасты мекемелерде жұмыс жасауға моральдік правасы жоқ деп ойлаймын. Сондықтан оны жұмыстан босатамыз.// Осылайша, Ернар Бекеновтің бүгінгі әдеп кеңесі отырысына келмеуіне байланысты қызметтік тергеп-тексеру жұмыстары кейінге қалдырылды. Мұнан кейін, әдеп кеңесінде Сырдария ауданы әкімі аппаратының басшысы Рысбек Шайхиевтің тәртіптік ісі қаралды. Нақтырақ айтсақ, үстіміздегі жылдың 31-ші мамырында ақпараттық сайттың бірінде аппарат басшысы құрылыс бөлімінің басшысын соққыға жыққандығы жарияланған. Бірақ, тергеп-тексеру барысында ақпарат расталмаған. Сондай-ақ, жиында мемлекеттік органдардың жұмыс уақыты режимінің сақтау жайы талқыланды. Жыл басынан бері жүргізілген мониторинг жұмыстарының нәтижесінде 16 мемлекеттік орган тарапынан 44 артық жұмыс жасау фактісі анықталған. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/