Арал: 6 айда 2 мың тонна балық экспортталды
Өңірімізде тауарлы балық шаруашылығы өрістеп келеді. Әсіресе, аймақтың экспорттық потенциалын арттыруда маңызды орын алып отыр. Су айдындарынан маржан сүзуді кәсіп еткен балықшылардың тыныс-тіршілігі туралы әріптесім Гүлай Ашекованың бейнематериалында. ГҮЛАЙ АШЕКОВА - ТІЛШІ «Кіші Арал теңізінде балықшылармен бірге ау қарауға шығамыз деп кім ойлаған? Жағадан шамамен 4-5 шақырым ұзап кеттік. Айналамыз көкпеңбек. Ау салуға межеленген жерге де жетіппіз». Болатхан Дәулетбаевтың 15 жылдан бергі күнделікті тіршілігі осы. Балық молынан түсу үшін бір күн бұрын суға ау салып қояды. Аудың шимайланған шетін шығарып, оны тарқатып, арқалығы мен табанын тең ұстап отыру ептілікті қажет етеді. БОЛАТХАН ДӘУЛЕТБАЕВ - БАЛЫҚШЫ «кешкісін келіп ау құрмыз осы теңізге, ертесіне келіп сол ауымызды қараймыз. Қаншама халықтың нан жеп отырған жері ғой осы теңіз. Бала-шағаның несібесіне қарай түседі әйтеуір балық. Бұл жерде 20 шақты қайық бар. әр қайықта екі адамнан ғой. Сезонына қарай ауланады былайынша. Негізгісі күзге қарай». Балықшының айтуынша, қазіргі заманауи техникалар жұмысты біршама жеңілдеткен. БОЛАТХАН ДӘУЛЕТБАЕВ - БАЛЫҚШЫ «қазір енді интернет дамыған заман ғой, ауа-райын алдын-ала қарап отырамыз. Желді күндері шықпаймыз. Тынық кездерде келіп ау құрамыз. +01:38- бұрын ата-бабамыздан келген нәрсе, «қақай» деген болған. Басына жалау байлап, әрқайсысы басына шүберек байлап сөйтіп ау салатын болған ғой. Қазір енді дамыған заман ғой, навигатор шыққаннан кейін, сонымен белгілеп, сол арқылы тауып аламыз қазір. Оның келгеніне де он шақты жыл болды. Жақсы болды». Нәпақасын теңізден тапқан балықшылар су маржанын балық өңдеу цехтарына өткізеді. Қазіргі таңда Арал ауданында балық өңдейтін 10 зауыт бар. Соның бірі «Арал сервистік дайындау орталығы». Мұнда өңделген балықтардың 90 пайызы шет мемлекеттерге жөнелтіледі. Бүгінде зауытта 50-ге жуық қызметкер жұмыс істейді. Біз барған уақытта мұнда жұмыс қарқынды жүріп жатыр екен. ГҮЛАЙ АШЕКОВА - ТІЛШІ «Бұл балық өңдеу цехы 2010 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Қазір цехта 10-нан аса балықты кептіретін, мұздататын камералар бар. Тіпті ысталған және тұздалған балықты қаптау да дәл осы жерде жүзеге асырылады. Мәселен, бұл торта деген балықтың түрі. Мұндағы мамандар күніне осындай 10 тонна балықты сұрыптап, өңдеп, қаптайды екен». Яғни, балық жуылады, салмағы өлшенеді, қабығы аршылады, кесіледі, сойылады, тазаланады, кептіріледі, мұздатылады. ӘДІЛБЕК ӘЙІМБЕТОВ - «АРАЛ СЕРВИСТІК ДАЙЫНДАУ ОРТАЛЫҒЫ» БАЛЫҚ ЗАУЫТЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ «Бұның арасында теңіздің 5 учаскесі бар 18 учаскеден. Қамбаш көлінің 2 учаскесі бар. жылына 2 мың тонна балық ауланады. Бәрі өңделеді, терең өңделеді. Сөйтіп 90 пайызы шетелге кетеді. Өйткені бұл заводтың Еуро номері бар. Еуроодақтас елдерге балық өнімін жіберуге құқығы бар». +04:21- жалпы тіршілігіміз жақсы. Халық тұрақтанды. +08:08- біз Қытайға да жіберіп жатырмыз, осы жақын арада АҚШ-қа жібердік 15 тоннадай. Жалпы нарықта қанатымызды жайып келе жатырмыз. Ресеймен тұрақты түрде жұмыс істейміз мысалы». ЖАНҚОЖА САПАРОВ - «АРАЛ-СЫРДАРИЯ» ОБЛЫСАРАЛЫҚ БАССЕЙНДІК БАЛЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ИНСПЕКЦИЯСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ «мынау Кіші Арал теңізінен және аудандардан жинақталған біршама балықтар өңделіп, экспортталып келе жатыр. 02:12 «мәселен, биыл 6200 тонна лимит белгіленген кіші Арал теңізінен. Кіші Арал теңізі 18 учаскеге бөлініп, 11 субьектіге бекітіліп берілген. Қызылорда облысы бойынша 201 су айдыны бар. біз бұл жерде кіші арал теңізін ірі көлемде ауланатын болғандықтан айтып отырмыз. Әйтпесе басқа аудардандарға да учаскелер бөлінген. 20-30 көлден жергілікті маңызы бар су айдындары бар. әрқайсысын 1 тонна мен 10 тонна аралығында балықтар бар. Былтыр Арал ауданынан 3300 тонна балық экспортталса, биыл алғашқы жартыжылдықтың өзінде 2000 тоннасы шет мемлекеттерге жөнелтілген. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/