Suivant

Аралда 20 көше жарықтандырылады

04/09/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Арал ауданында коммуналдық мәселелер кезең-кезеңімен шешіліп келеді. Мәселен, жарты жылдың ішінде 18 көшеге жарық жүргізіліп, оған бюджеттен 8,8 миллион теңге бөлінген. Ал 7 көшеге демеушілер тарапынан құны 5 миллион теңге болатын жарықшамдар қойылыпты. Мұнан бөлек жыл соңына дейін тағы 20 көшені жарықтандыру жоспарланып отыр. Қазір, жобаның сметалық құжаттары әзірленіп, дайын тұр. Жауаптылар жыл соңына дейін бұл жұмыстарды аяғына жеткізуге тырысамыз деп отыр. Айта кететін жәйт, бұған дейін қолданылып келген күн сәулесінен қуат алатын жарықшамдардың орнына диодты шамдар қойылмақ. Сонымен қатар, 5 шақырым жерасты желісі алмасады. Бүгінде, қаланың 60 пайызы жарықтандырумен қамтылса, оны күтіп ұстауға бюджеттен 6,6 миллион теңге қарастырылған. БАТЫРЖАН ҰЗАҚОВ – ҚАЛА ӘКІМІ //2024-тің аяғына дейін 20 көшені жарықтандыруды жоспарлап отырмыз. Үлгерсек жыл соңына дейін бітіріп тастаймыз, үлгермесек 2025 жылы толықтай бітеді. Аралда 228 көше бар соның 153-і жарықпен қамтамасыз етілген. Алдағы уақытта, жоба бойынша, демеушілер тарапынан біраз көшелер қосылып жатыр. 20 көшенің ішінде қаланың ең проблемный, балалар көп жүретін, қуыс көшелер бар// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant