АРАЛДЫ ҚҰТҚАРУ МӘСЕЛЕСІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Президент Халықаралық Аралды құтқару қоры Атқарушы комитетінің төрағасы Асхат Оразбайды қабылдады. Кездесу барысында Қазақстанның қорға төрағалығы кезінде атқарылатын шаруалар талқыланды. Мемлекет басшысы құрылтайшы мемлекеттер арасындағы өзара ықпалдастықты күшейту қажет деді. Орталық Азиядағы су-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану, теңіз бассейніндегі суды есептейтін, мониторинг жүргізетін және өзара бөлетін бірыңғай жүйені енгізу жұмысына екпін беру керектігі де айтылды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/