Suivant

Аралдық мұғалім қалбырдан зергерлік бұйымдар жасайды

07/12/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Аралдық мұғалім Нұржан Балов теңізге қатысты кәдесыйлар жасаудың шебері атанып отыр. Он саусағынан өнер тамған шебер осылайша ұлттық өнерді жаңғыртса, екінші жағынан тұрмыстық қалдықтарды кәдеге жаратып отыр. Нұржан Балов Арал ауданындағы №71 орта мектепте жұмыс істейді. 15 жылдық өтілі бар білікті ұстаз қолда бар құралдармен түрлі бұйымдар жасап, оқушыларды еңбекке баулып келеді. Мәселен, құрылыстан қалған қалытқы мен пластик материалдан теңізге қатысты кәдесыйлар дайындаса, майлы бояумен қабырғаға сурет салады. Көркем еңбек пәнінің мұғалімі энергетикалық сусынның қалбырын да кәдеге жаратып отыр. Алғашында ертегі кейіпкерлері мен жануарлардың мүсіндерін жасаса, қазір қыз-келіншектерге арналған әшекей бұйымдар жасаумен айналысады. НҰРЖАН БАЛОВ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ Өнер идеясыз өмір сүре алмайды дейдіғой. Сол сияқты идеямызды дамытып, неше түрлі туындылар жасадық. Қазір тұмар дайындау үстіндеміз. Құтының іші күміс тәріздес болады. Сондықтан еш бояусыз осыны пайдаланып жатырмыз біз бұған Шебер зергерлік бұйымдарды жасауға шекіме әдісін қолданады. Яғни, жұқа қаңылтырдың бетіне қазақтың ұлттық ою өрнегін бейнелеп, ерекше дүние жасап шығарады. Бұл әрине өте ыждаһаттылықты, ептілікті қажет ететін тірлік. Ерекше өнерді меңгерген ұстаз балаларға әшекейдің жасалу жолын ғана емес, олардың атауын, шығу тарихын айтып отырады. НҰРЖАН БАЛОВ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ Сәукелені айтсақ сау келе жатыр деген мағынада айтылған. Сол сияқты бұйымның тарихына тоқталып өтеміз. Бір жағынан тәрбиелік мәні зор Нұржан энергетикалық сусынның қалбырынан әшекей бұйымдар ғана емес ұлттық нақыштағы киіз үй формасындағы кәдесый, дойбы тақтасы және қыздарға арналған сөмке жасайды. Соның ішінде түрлі түсті құтылардың құрастырылған қол сөмке республикалық байқауда көрмеге қойылып, көпшіліктің қызығушылығын туғызыпты. НҰРЖАН БАЛОВ, КӨРКЕМ ЕҢБЕК ПӘНІНІҢ МҰҒАЛІМІ мына жерде бәрі бос құтылардан жасалған табиғи бояуы үйлесіп тұр. Мұны құрақ көрпе деп алдық. Құтылардың қақпағын тоқып, бауын жасадық. Есеп бойынша 40-50 құты кетті Ізденімпаз мұғалім Тәуелсіздік күніне орай Алтын адамның макетін жасаймын, -дейді. Қазір ол тарихи жәдігердің киіміндегі жан жануарлар мен құстардың бейнелерін, негізгі элементтерді дайындау үстінде. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylorda_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant