Suivant

Аралдық ұстаздар құрметке бөленді

08/10/24
QYZYLORDA TV
Dans Asie / Kazakhstan

Ұстаз - ұлағатты есім. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да аз емес. Шәкірт санасына сәуле шашып, шырақ отын маздатқан жандар қашанда мәртебелі. Мереке мезіретінде аралдық мұғалімдер құрметке бөленді. Тақырыпты тілшіміз тарқатады.... Сәт сайын құбылатын дүниеде адамзат үшін ешқашан өзгермейтін құндылық бар. Ол – білім! Ол – еңбек! Осы екеуін ұштастырған ұстаздарға қашанды құрмет ерек. Сол мәртебелі мамандарға жағдай жасау мемлекет алдындағы басты міндеттің бірі. Бұл бағытта Арал өңірінде айшықты бастамалар баршылық. АМАНЖОЛ ОҢҒАРБАЕВ – АУДАН ӘКІМІ // Ақшатау ауылының мектебінің құрылысы жеке кәсіпкер есебінен шешімін тапты. Қазір біздің балаларымыз жаңа ғимарат ішінде білім алуда. Тоқабай ауылындағы мектептің А блогы аяқталып,, қалған бөлігі жалғасуда. Жайлы мектеп ұлттық жобасы аясында 4 еуі Арал ауданына салу жөнінде шешім қабылданған. Бүгінде екі мектептің құрылысы қарқынды жүруде. Қазір ауданда екі жарым мыңнан аса мұғалім бар. Өткен оқу жылында ұлағатты ұстаздардан тәлім алған түлектердің басым бөлігі ұлттық бірыңғай тестен жоғары балл жинап, мемлекеттік грант иеленді. Салтанатты шарада шәкірттерін шыңға шығарған ұстаздарға Оқу-ағарту министрлігінің «Орта білім беру ісінің үздігі» құрмет дипломы, Құрмет грамостасы, облыс аудан әкімінің алғыс хаты табысталды. ҚАРЛЫҒАШ РАХАНОВА - Т.Г. ШЕВЧЕНКО АТЫНДАҒЫ №13 ОРТА МЕКТЕП МҰҒАЛІМІ // Осы білім саласында қызмет еткеніме 40 жылға жуық уақыт өтті. Талай шәкірт алдымыздан өтті. Өте дарынды, талантты шәкірттеріз көп болды. Ұстаздық еткен оңай жұмыс емес. Қызығы да қиындығы да мол жұмыс. Осы салада жұмыс істеген аудан ұстаздарына, Қазақстан ұстаздарын мерекелерімен құттықтаймын. Осылайша, бар ғұмырын ел болашағына арнаған аяулы жандар мереке мезіретінде марапатталды. Ал салтанатты шара соңында аудан өнерпаздары мен қатар жас мұғалімдер концерттік бағдарламасын ұсынды. Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant