Suivant

АРДАГЕРЛЕР ЖАЙЫҚ ЖАҒАЛАУЫН БЕКІТУГЕ ЖҰМЫЛЫП ЖАТЫР

07/04/24
Dans Asie / Kazakhstan

Ардагерлер Жайық жағалауын бекітуге жұмылып жатыр. Канал бойына дамбы көтеру үшін арнайы техникалар тартылған. Еңбек ардагері Әділтұрақбай Құмаров осындай сын шақта тұрғындарды күш біріктіруге шақырды. «Біздің мақсатымыз - әрбір елді мекенді, қаланы сақтап қалу. Осы жерді мекен еткен еңбек ардагерлері – барлығымыз бірлесіп, ауылдық округ әкімдіктеріне қолдау көрсетіп жатырмыз. Басты міндет – Геолог шағынауданынан бастап Соколок каналына дейінгі 27 шақырым аумақты сақтап, қорғап қалу. Сосын қаланың су қақпасы саналатын Соколок каналынан Доссор трассына дейінгі тағы да 27 шақырым аралыққа дамбы тұрғызу. Қазір ол жақта техникалар дамбы тұрғызып жатыр. Тәулік бойы жағада жүрген жастар белсенді» дейді Еңбек ардагері Әділтұрақбай Құмаров. Қазіргі уақытта Атырау қаласында Жайық жағалауын бекіту бойынша 105 учаске белгіленіп, тәулік бойы жұмыс жүріп жатыр. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO

Montre plus

 0 commentaires sort   Trier par


Suivant