АРЗАН АЯҚ-КИІМ ҮШІН БІР-БІРІН ТАПТАП КЕТЕ ЖАЗДАДЫ
Қызылордада аяқ-киім дүкеніне кезекке тұрушылар бір-бірін таптап кете жаздады. Қаладағы сауда үйлердің бірінде дүкен иесі спорттық аяқ-киімдерді арзан бағамен сату акциясын ұйымдастырған. Осыған байланысты ол жерде адамдар көп жиналған. Дүкен ашылған кезде адамдар тауарға таласып, бір-бірін итеріп жатқан видеолар әлеуметтік желіге тарап кетті. Әуесқой түсірілімнен көпшіліктің таласып-тармасып, есіктен кіре алмай жатқанын көруге болады. Жеңілдік үшін келгендердің қатарында қарттар, ересектер, жасөспірімдер мен балалар да бар. Анықталғандай, дүкен иесі аяқ киімді 1000 теңгеден сататынын айтып, онысын әлеуметтік желіде жария еткен. Осылайша жеңілдікке асыққан тұрғындар сауда үйінің алдында дүрбелең тудырды. Соның салдарынан кәсіпкер акцияны шұғыл тоқтатуға мәжбүр болыпты. Осы оқиғаға байланысты облыстық кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасының басшысы Дінмұхамед Әбсаттаров түсініктеме берді. ДІНМҰХАМЕД ӘБСАТТАРОВ – ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ //Кәсіпкер халықтың жаппай дүрбелеңінен кейін аяқ киімдерді мұқтаж адамдарға таратып берді. Сауда үйінде жағдай тұрақталды. Кәсіпкер тұрғындардан кешірім сұрады. Жеке кәсіпкерге қатысты полиция тарапынан тиісті шаралар қабылданатын болады. Алдағы уақытта да кәсіпкерлерге айтарымыз жеңілдік ұйымдастырар алдында заң аясында жасауға және дүрбелең тудырмауға шақырамыз.// Сайт - https://qyzylordatv.kz/ru/live Facebook - https://www.facebook.com/qyzylordatv/ VK - https://vk.com/qyzylordatv Instagram - https://www.instagram.com/qyzylordatv/ Telegram - https://t.me/qyzylords_tv Tiktok -https://www.tiktok.com/@qyzylorda_tv/