«Астана» «Челсиден» жеңіліп қалды #sports
УЕФА Конференция лигасы жалпы кезеңінің бесінші турында қазақстандық команда Алматыда Англияның «Челсиін» қабылдады. Қонақтар бұл ойынға негізінен жастар құрамын алып келді. Соған қарамастан лондондық футболшылар алғашқы минуттан елордалық команда қақпасы маңында жиі бой көрсетті. Небәрі он тоғыз жастағы шабуылшы Марк Гиу қазақстандық команданың қорғаныс шебін біраз әуреге салды. Ойынның 14-минутында оң қанаттан елордалық футболшыларды алдап өтіп, Мұхаммеджан Сейсен қорғаған қақпадан саңылау тауып кетті.«Челси» командасы бұл голдан кейін де басылған жоқ. Шабуылды үдете түсті. Сондай сәттердің бірінде Марк Гиу 19-минутта тағы бір мәрте мергендігімен көзге түсті. Ал Ренату Вейга 40-минутта «Челсидің» басымдығын арттыра түссе, оған «Астананың» жартылай қорғаушысы Марин Томасов 45-минутта бір голмен жауап қайырды. Жалпы есеп 3 те 1. Енді елордалық клуб 19 желтоқсанда сырт алаңда Кипрдің АПОЭЛ командасымен шеберлік байқасады. Сайт - https://kokshetv.kz Instagram - https://www.instagram.com/kokshe.tv/ Facebook - https://www.facebook.com/kokshetv/ Twitter - https://twitter.com/Kokshe_TV Tik Tok - https://tiktok.com/@kokshe.tv Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: https://qazaqstan.tv/app BirgeTV: http://qazaqstan.tv/birgetv