АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ
Бүгін Президент Әкімшілігінің келісімімен облыс әкімінің өкімімен Дарын Шамұратов Атырау облысы әкімінің орынбасары лауазымына тағайындалды. Дарын Дүйсембайұлы Индер ауданында дүниеге келген. М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетін география пәнінің мұғалімі, Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін қаржыгер мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын 2009 жылы Индер ауданындағы Бөдене ауылдық округі әкімі аппаратында бас маманның міндетін уақытша атқарушы болып бастаған. 2009-2012 жылдары Индер ауданы әкімі аппараты жалпы бөлімінің бас маманы, жалпы бөлімнің меңгерушісі болған. 2012-2017 жылдары Индер ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2017-2021 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары болып жұмыс істеген. Ал, 2021-2022 жылдары Атырау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары болып тағайындалған. Осы тағайындауға дейін Индер ауданының әкімі лауазымын атқарып келді. Сайт - http://atyrautv.kz/ online - http://atyrautv.kz/kz/online facebook - https://www.facebook.com/atyrautv/ VK - https://vk.com/atyrautvkz Instagram - https://www.instagram.com/atyrautvkz/ Qazaqstan TV мобильді қосымшаны жүктеп алыңыз: AppStore - https://itunes.apple.com/kz/app/qazaqstan-tv/id1332605258?mt=8 Google Play - https://play.google.com/store/apps/details?id=biz.galamat.qazaqstannews #ATYRAU #TV #ATYRAUTV #АТЫРАУ #ТВ #АТЫРАУТВ #102FM #ATYRAURADIO #RADIO